ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кәсіби шеберліктегі мұғалім жаңашылдығы
31-05-2019 14:50
Кәсіби шеберліктегі мұғалім жаңашылдығы

Жыл сайынғы «Жаңашыл-мұғалім - 2019» сырттай республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің информатика пәні мұғалімі Аубакирова Гульзия Мухийденовна, математика пәні мұғалімі Болатова Назгуль  Ораловна  финалға шықты. Олар «Жаңашыл-мұғалім» құрметті атағына ие болып, «Bilim Media Group» компаниясының алғыс хатымен марапатталды.

       Мұғалімдер өз жұмыстарындакәсіби шеберліктің жоғары деңгейін, сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың шығармашылық тәсілін көрсете алды. Байқаудың бірінші кезеңіне  оқушылардың зерттеу қызметіне негізгі рөлі бөлініп, қатысушылар «Ақпаратты шифрлеу», «Арифметикалық прогресс» жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақтардың әзірлемелерін ұсынды. Сабақ барысында оқушылар заманауи білім көздерімен, соның ішінде сандық білімдермен белсенді жұмыс істейді. Республикалық байқау мұғалімдердің өздері шығарған «қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі туралы» видеофрагменттерімен аяқталды.

         Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1600 астам жұмыс ұсынылды. Жеңімпаздарды «Bilim Media Group» компаниясының тәуелсіз сараптау комиссиясы анықтады. Үздік сабақтар «Bilimland» республикалық білім беру порталында орналастырылады.