ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар мерекесі қала балабақшасында өтті
31-05-2019 15:43
Балалар мерекесі қала балабақшасында өтті

2019 жылдың 31 мамырында Павлодар қаласының № 52 арнайы балабақшасында қала әкімі Ә. Қ. Күмпекеевтің қатысуымен Балаларды Қорғау Күніне арналған балалар мерекесі өтті.

Балаларға арналған мерекеде балабақша аумағында бірнеше АРТ-алаң құрылды. «Акварелька қалаға қадам жасайды» студиясында балалар сурет салудың дәстүрлі емес техникасын пайдалана отырып, жазғы Павлодар бейнеленген.

«Арман Қала» АРТ-алаңында балалар ұжымдық, жасампаз қызмет барысында ертегі кейіпкерлерімен бірге өздерінің конструкторлық қабілеттерін көрсете алды. Сонымен қатар, «Степ-алаң», «Құм терапиясы», «Арт-терапия» АРТ-алаңдары жұмыс істеді.

Қала әкімі Ә. Қ. Күмпекеев балабақшаның тәрбиеленушілеріне сыйлық ретінде сөйлеу тренажерларын сатып алуға миллион теңгеге сертификат табыстады.

Арнайы балабақшаға ерекше білім беру қажеттілігі бар 78 тәрбиеленуші, оның ішінде психикалық дамуы тежелген 29 бала және сөйлеу қабілеті бұзылған 49 бала барады. Түзету жұмыстарын ұйымдастыру үшін штатта 2 бірлік дефектолог, 5 бірлік логопед, музыкалық жетекші, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, психолог, психиатр-дәрігер, физиодәрігер, физиомедсестра, медбике, 10 бірлік тәрбиеші және.

Педагогикалық ұжымның негізгі міндеті тәрбиеленушілердің дамуында ауытқуларды білікті түзету арқылы балалардың ерекше қажеттіліктерін жүзеге асыру, әлеуметтік тәжірибе алу үшін жағдай жасау болып табылады. Педагогтер жұмыста баланың әлеуметтік-психологиялық жағдайын қамтамасыз ету технологияларын, түзету технологияларын қолданады.