ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бақытты балалық мерекесі
01-06-2019 18:33
Бақытты балалық мерекесі

   Бірінші маусымда, Халықаралық балалар қорғау күніне арналған, «Нұрлы болашақ» кең ауқымды дәстүрлі республикалық  акция ұйымдастырылды. Акция  мақсаты - балалар менотбасының назарын мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қалыптастыру бойынша басқа әлеуметтік топтарды және БА, бизнес-орталық, халықаралық, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру мен балалар құқығын қорғау мәселесіне қоғамның көңілін аудару .

      Сол күні барлық орталық алаңдар, стадиондар, саябақтар және сарайлар,ойын-сауық кешендері балалар иелігінде. Балалар  шығармашылық фестиваль, әсерлі  сахналық көріністер,  карнавалдар, концерттік бағдарлама, спорттық жарыстар, асфальтта сурет салу байқауы өтті. 15 жасқа дейінгі оқушыларға қоғамдық көлікте ақысыз төлемақы ұйымдастырылды.

   Балалар қорғау Күні қарсаңында Павлодар қаласының ерекше білім беру қажеттілігі балаларына  арналған №  52 балабақшада қала әкімі А. К. Күмпекеевтің қатысуымен «Нұрлы бөбек»  балалық мерекесі өтті.

    Павлодар қаласының ерекше қажетті балалар, ата-аналарының қорғауынсыз қалған балалар, жетім балалар, аз қамтылған отбасының 120 аса  балалары мәдени-ойын-сауық бағдарламасымен «Солнечное лето» мерекесіне қатысты және К. Абусеитов атындағы мәдени ойын-сауық орталығында «Семейка Крудс» қайырымдылық мерекелік кино көрді. Павлодар қаласы № 35 ЖОМ 20 оқушысы  Павлодар қаласының білім беру бөлімі облыстың полиция департаменті «Динамо» денешынықтыру-спорттық кешенімен бірлесіп ұйымдастырылған «Динамо» - детям Казахстана» қайырымдылық  акциясына қатысты. Облыстық балалар  музыкалық  ансамбль және  оркестр шеруіне 3 жылдай қаланың мектептен тыс мекемелері мен жалпы білім беру мектептерінің  2000 аса оқушылары қатысады.  Павлодар қаласының балалар көркем мектебінің 100 аса оқушылары  «Счастливое детство» сурет байқауының қатысушылары, балалар техника мектебінің 50 тәрбиеленушісі көрме ұсынды. Жалпы білім беру мектептері және көркем мектебінің 100 оқушысы үшін балалар көркем мектебінің алаңында асфальтта сурет салу байқауы өткізілді. Концерттік - ойын-сауық бағдарламасында, «Спортландия» көңілді жарыс, «Мы здоровое будущее страны»аула клубтарында, қаланың мектептен тыс мекемелерінде 5000 аса бала қатысты.Кинотеатр, ойын-сауық орталығы, мұражай, театрларға 2000 баланың шығуы ұйымдастырылды. Қаланың жалпы білім беру мектептірінің 500-ден аса  баласына арналған «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының аула клубтарымен Орталық мәдени және демалыс саябағында концерттік-ойын-сауық бағдарламасы  көрсетілді.

   42 жалпы білім беру мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде «Нұрлы болашақ» мерекелікм бағдарлама, сахналық бағдарламалар, асфальтта сурет салу байқауы, ойын-сауық байқаулары және зияткерлік ойындар, шахмат бойынша турнирлер өтеді.

     Сол күні  барлық жалпы білім беру мектептерінде дәстүрлі 3 рет тамақтану және күндіз болатын 9168 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Веселое лето» мектеп жанындағы лагерьдің 1-ші маусымының ашылуы өтті. Мектеп жанындағы лагерьлер ұйықтайтын және ойын бөлмелерімен жабдықталған, мұнда балалар жазғы кезеңдегі демалысын және бос уақытын өткізеді. Жалға алушылар маусым ашылу күні тәтті тамақтар дайындауды   қарастырды.