ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларды қызығушылығы бойынша қамту
19-06-2019 11:02
Балаларды қызығушылығы бойынша қамту

Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  «Әлем. Бала» жоба аясында 2019 жылы 18 маусымда қалалық ойын-сауық орталығында «Cтилисты - 2019» жазғы шығармашылық жобасының «Шаштаразшылар» II туры өткізілді. Байқау мақсаты - қызығушылығы бойынша балаларды қамту, жазғы демалыс кезеңінде балалардың шығармашылығын дамыту және қолдау. Байқауға қаланың 27 жалпы білім білім беру мектебінен 438 оқушы қатысты.

Шығармашылық топтар қалалық ойын-сауық орталығының сахнасында ұмытылмас және әсерлі шеберлік сабақтар көрсетті. Байқау бағдарламасында команданың 10 сән үлгісі композициясын  ұсынған кезде шығармашылығы және ерекшелігі, шаш үлгісін суреттеуі ескерілді. Сәнді шашты көрсету музыкамен сүйемелденді. № 26, 42 мектеп оқушыларының орындауы қызықты болды.

 

Олар сахнада кешкі, үйлену тойының, күнделікті сәнді шаш үлгісін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орындар анықталды,оның ішінде I дәрежелі дипломға № 26 ЖОМ «Стильные штучки» командасы, II дәрежелі дипломға № 42 ЖОМ «Иллюзия реальности», № 21 ЖОМ «Звездные принцессы» командасы, III дәрежелі дипломға № 39, 30, 25 ЖОМ командасы иеленді. «Золотой локон» номинациясымен № 6 мектеп командасы, «Стильная прическа» номинациясымен - школы № 4 мектеп командасы марапатталды, белсенді қатысқаны үшін № 19, 28, 34, 35 ЖОМ белгіленді.