ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көрермендерге арналған сүйікті өлеңдер
19-06-2019 14:44
Көрермендерге арналған сүйікті өлеңдер

Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  «Әлем. Бала» жоба аясында  2019 жылы 17 маусымда  «Ерке ханшайым» жазғы шығармашылық  жобасының «Павлодар әншісі»   I  туры өткізілді.

Байқау мақсаты - талантты балаларды қолдау, шығармашылық белсенділігін дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай құру, бос уақытын қамту. Байқауға  (№ 1, 4, 6, 7, 9, 11, 12, 15, 16, 17, 19, 22, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 34, 35, 36, 37, 39, 42, 43 , Кенжекөл, Жетекші ЖОМ) 27 жалпы білім беру   мектеп жанындағы лагерьлердің  7 - 10 жастағы 6 қыздан құралған командалар қатысты.

Қатысушылар жаз,достық,бейбітшілік туралы өлеңдер орындады, өздерінің әртістік және вокалдық қабілеттерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша  № 9 лицей-мектебі I орын алды. Олар «Quest Pistols Show» тобынан «Круче всех» өлеңін орындады. Команда  көрермендерге өлеңмен көңіл-күйлерін білдіре алды. «Жил отважный капитан» кинофильмінен, «Капитан, капитан улыбнитесь»  өлеңімен  Б. Момышұлы атындағы ЖОМ командасы,  «Бақытты менің балғын шағым» өлеңімен  № 35 ЖОМ  командасы II орын алып ерекшеленді. № 26 ЖОМ командасы А.Анофриева  «Какого цвета лето» өлеңі, № 37 ЖОМ  командасы А.Абдикаримова «Мен қазақтың қызымын» өлеңі, Кенжекөл ЖОМ Б. Бисенова «Карлығаш» өлеңімен III орынға ие болды. «Исполнительское мастерство» номинациясымен № 43 ЖОМ командасы , № 25 ЖОМ  «Супер голоса» - командасы  марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін  № 6, 12, 17, 34 ЖОМ командалары марапатталды.