Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар би ұжымының өнер көрсетуі
20-06-2019 09:55
Балалар  би ұжымының өнер көрсетуі

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Әлем. Бала» жоба аясында  2019 жылы 17 маусымда  «Ерке ханшайым» жазғы шығармашылық  жобасының II тур «Би - 2019» туры өткізілді. Байқау мақсаты - талантты балаларды қолдау, шығармашылық белсенділігін дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай құру, бос уақытын қамту. Байқауға (№ 1, 6, 7, 9, 12, 14, 15, 16, 17, 19, 21, 22, 23, 25, 27, 28, 29, 34, 36, 37, 39, 41, 42, 43, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ) 26 жалпы білім беру мектеп жанындағы лагерьлердің 7 - 10 жастағы 6 қыздан құралған командалар қатысты.

Байқауда командалар өздерінің әртістік және вокалдық қабілеттерін көрсетті және қазіргі би композициясын орындады.Байқау қорытындысы бойынша  № 43 ЖОМ би ұжымы «Учись студент!» жігерлі биі I орын алды. № 7, 28 ЖОМ командалар «Девичий переплёт» украин биі, «Вальс с цветами» биімен II орын алып ерекшеленді. № 9 лицей-мектебі «Не детское время» биі, 17 ЖОМ «Кукарача» командасы биімен  III орынға ие болды. «Грация» номинациясымен № 34 ЖОМ командасы, № 25 ЖОМ «Принцессы танцпола» командасы марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін № 15, 22, 39, 42 мектеп командалары марапатталды.