ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық техникалық мектептің авиа үлгісін жасаудағы жетістіктері
21-06-2019 09:33
Қалалық техникалық мектептің авиа үлгісін жасаудағы жетістіктері

Қазақстан Республикасында балалардың техникалық  шығармашылығын дамыту мақсатында 2019 жылдың 10 - 11 маусымаралығында техникалық шығармашылық пен өнертапқыштардың авиа-, ракета-, авто-, кемеүлгілеу бойынша Республикалық жарыстарында Павлодар облысын Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің Балалар техникалық мектебінің 7 тәрбиеленушісі танытты. Мақсаты - Қазақстанда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту.

Жарыстарға қатысу үшін Павлодар өнертапқыштарымен 4 авиа үлгісі, 2 кеме үлгісі, 1 авто үлгісі көрсетілді. Жарыстың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының техникалық мектебінің тәрбиеленушілері 3 жүлделі орынға ие болды. Авиа үлгісінің класында «Кордовый полукопия, контурды үлгі» бойынша  I- орынға  Леонид Трояние болды. Леонид 6 жыл авиа үлгісін жасау үйірмесіне  және  Республикалық жарыстарға қатысып 10-нанастам медаль иегері болды. Авиа үлгісі  үйірмесіне 3 жыл бойы қатысып жүрген Лев Забудский осымен 2-ші жыл  Республикалық жарыстарда «Планер F-1-A» класында II-орынға ие болып отыр. Команданың ең жас  қатысушысы  Нұрәлі Сәкен үйірмедегі 2 жылда «Планер F-5-  авиа үлгісі класында III-ші орынға ие болды, және өткен жылы Алматы қаласында өткен IХ республикалық спартакиадада «Планер F-I-H» авиа үлгісі класында I-орынға ие болды. Авиа үлгілер командасының тренері, авиа үлгісі үйірмесінің жетекшісі, спорт шебері, авиа үлгісінің спорты бойынша ҚР ұлттық төрешісі Сергей Федорович Соц.  Жарыстар 2019 жылдың 10 - 11 маусым аралығында Тараз қаласында өтті. Жарысқа Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларының командалары қатысты.