Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің оқушылары 2019 жылдың мамыр айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Невская палитра» халықаралық балалар шығармашылығы байқауына 15 жұмыс ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша Неяскина Дарья, 14 жас, «Жұмбақ қалаға ұшу» жұмысы үшін I орынды жеңіп алып, 2019 жылы 17 маусымында марапаттау рәсіміне қатысты, оның ұстазы - Лариса Алексеевна Кузнецова.
Ол «Жұмбақ қалаға ұшу» жұмысын гуашьпен қағазға орындады. Дарьяның халықаралық байқауда алған бұл 2-ші жеңісі, ол 2017 жылы Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Шексіз балалық шақ» атты байқауда I орынға ие болды. Мектебте 8 жастан бастап шұғылданады, осы кезеңде ол 2017 жылы «Ақ бота» облыстық байқауының лауреаты атанды. Дарья мектепте жақсы оқиды. Ол сурет салуды, қазақстандық, әсіресе Баянауыл пейзаждарын салуды жақсы көреді.