ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыс әкімінің марапаты
26-08-2019 16:21
Облыс әкімінің марапаты

Биылғы жылы облыс әкімінің 50 миллион теңге көлемінде арнайы грантына үш мектеппен қатар Павлодар қаласының № 6 сәбилер бақшасы да  иеленді. Марапттау рәсімі 2019 жылғы 23 тамыз күні Естай атындағы мәдениет сарайында «Білім және ғылым» атты тамыз конференциясы барысында өтіп, облыс басшысы Б. Ж. Бақауов үздіктерге арнайы гранттар мен басқа да марапттарды табыс етті. 

Облыс әкімінің 50 миллион теңге көлеміндегі арнайы гранты осымен үшінші жыл қатарынан ұзақ жылдар бойы білім мен тәрбие беруде тұрақты жоғары көрсеткіштер танытып келе жатқан ұйымдарға табысталды. Мұның өзі білім беру ұйымының материалдық-техникалық жағдайын заманауи талаптар мен сұраныстарға сай жаңартуға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен бірге, облыстық тамыз конференциясы барысында ұлттық тестілеуде үздік нәтижелер көрсеткен мектептер де арнайы марапаттарға ие болды. Солардың қатарында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебі де бар.  Аталмыш мектеп облыстық «Орта білім берудің үздік ұйымы» байқауының гран-приіне ие болып, 34 миллион теңгенің сертификатын алды. Лицей-мектебінің директоры Мигунова Татьяна Алексеевна бұл марапат барлық мұғалімдер мен оқушылардың ортақ жетістігі деп атап көрсетті. 

Өткен оқу жылы мектеп үшін табысқа толы болды. Бастауыш сыныптардың мұғалімі Жақсылықова Жанар Жұмағұлқызы Қазақстан Республикасының «Үздік педагог - 2018» атағына ие болып, «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық байқаудың жүлдегері атанды.  Жанар Жұмағұлқызы ҚР БжҒМ тарапынан жаңартылған мазмұнда оқытуға арналып қолға алынған 4 сынып оқушылары үшін «Дүниетану» оқулығына электронды қосымшаның қосалқы авторы болып табылады. 

10 сынып оқушысы Мельник София орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиадада мүмкін болатын 100 баллдың барлығын жинап,  «Абсолютті жеңімпаз - 2018» атағына ие болды. Оның ұстазы - орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қазкенова Гүлнар Еркінқызы. Биология пәнінің мұғалімі Чайковская Елена Леонидовна «Ағылшын тілі элементтерімен биология пәнін оқыту» атты арнайы курсты ұсынып, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл бағдарлама Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы тарапынан Қазақстанның барлық мектептерінде пайдалану үшін нұсқау алды. «Үздік авторлық бағдарлама - 2018» атты республикалық байқауда музыка мұғалімі Бурлакова Наталья Яковлевна да жүлдегер атанды. Қазақ тілі мұғалімі Сыздықова Армангүл Мұхтарқызы, бастауыш сыныптар мұғалімі Жақсылықова Жанар Жұмағұлқызы, дене тәрбиесі мұғалімі Смағұлов Ринат Зекенұлы «BilimLand» платформасында ұйымдастырылған «Жаңашыл мұғалім - 2018» республикалық байқауында ақтық сынға шықты. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Баканова Динара Бейсембайқызы екі жыл қатарынан «Мой любимый учебник EXEL - 5, 6» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын дайындап келеді. Динара Бейсембайқызы оқулық авторымен Греция елінде арнайы оқу курсынан да өтті. Физика пәнінің мұғалімі Батаева Айжамал Сланбекқызы Д. Қонаев атындағы орденмен наградталды.

Мектеп мұғалімдері ҰБТ, ОЖМІБ тапсырмаларын құрастырушылар, жаңартылған білім беру шеңберіндегі оқулықтарды сынықтан өткізу жөніндегі комиссияның мүшелері, Қазақстан ЖОО бағдарламаларының сарапшылары, апелляциялық комиссиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен нұсқалған оқулықтар мен әдістемелік құралдардың авторлары болып табылады. Облыстық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:  «Педагогикалық идеялар панорамасы» (Жақсылықова Ж. Ж., Синицина Е. В., Таран Е. Г.), «Білім беру үрдісіндегі АКТ» (Бурлакова Н. Я,, Чайковская Е. Л., Қабдырақышева А.С.), «Талантты мұғалім - дарынды балаларға» (Серікбаев А. Б., Сағитова С. А.), «Педагогикалық шеберлік» (Смағұлов Р. З.), «Сабақтың үздік құрылымы («үштілділік») - Чайковская Е. Л, Кубасова Е. В., «Үздік интерактивті сабақ» интернет-фестивалі (Сыздықова А. М.). Биология пәнінің мұғалімі Чайковская Е. Л. «Үздік педагог - 2019» республикалық байқауының қалалық кезеңінің (гран-при) және облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Мектеп 1972 жылы іске қосылған. 2011 жылы заманауи жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Жаңа оқу жылында мектепке 1500 оқушы келіп, соның ішінде бірінші сыныптарға 300 бүлдіршін қабылданады деп жоспарланған.