ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру
28-08-2019 09:46
Қала педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру

           Білім беруді жаңғырту, жаңартылған оқыту бағдарламаларын табысты жүзеге асыру, білім беру сапасын арттыру жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттілігі маңызды фактор болып табылады. Осыған байланысты 2016 жылдан бастап Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің педагог кадрларының біліктілігін қайта даярлау білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша курстарда жүзеге асырылады.

          2019 жылы «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 679 мұғалім қайта даярлау курстарынан өтті. Павлодар қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ орталығында 116 мұғалім курстан өтті, оның ішінде 25 педагог - «Тапсырмаларды сараптау және әзірлеу» бағдарламасы бойынша курстардан. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Педагогикалық шеберлік орталығының жазғы мектебінде 130-дан астам мұғалім «Критериалды бағалау» курсынан өтті.

          Жаңа оқу жылында 10 сынып оқушылары жаңа оқу бағдарламалары бойынша білім алатын болады. Сондықтан да жаңа пәндер пайда болғанда 30 мұғалім «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша, 25 мұғалім «Графика және жобалау» пәні бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті. Жаңа оқу жылында педагогтардың құзыреттілігін жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады.