ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристтердің республикалық слетының жүлдегерлері
29-08-2019 08:06
Туристтердің республикалық слетының жүлдегерлері

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 21 - 24 тамызда өткен Қазақстан және ТМД елдері туристтері достығының «Ертіс меридианы - 2019» 31-ші республикалық слетінде барлық Қазақстаннан 200-ден астам турист қатысты. Слетке 10 облыстан, астана мен Шымкенттен барлығы 13 команда қатысты. Павлодар облысы атынан «Иртыш Павлодар» және «Павлодар» командалары барды. Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының 15 - 18 жас аралығындағы 16 оқушыдан тұратын командасы «Павлодар» құрама командасының құрамына кірді, жетекшілері Агалаков Сергей Николаевич, Ридзаускене Ирина Валерьевна, Ридзаускас Владислав Юрьевич, орталық педагогтары.

 

Слет қорытындылары бойынша орталық қатысушылары ІІ жалпы командалық орын алды. Жарыстарда командалар су, жаяу және тау туризм элементтері бар кезеңдерден өтті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша спортшылар турист тап болуы мүмкін экстремалдық жағдайларда қалай тірі болып қалуды білуі тиіс. Бірінші күні 4 блоктан - теориядан, төзімділікке өтуден, шартты жәбірленушілермен өту мен судағы құтқару жұмыстарынан тұратын «Жеке-командалық» қашықтық өтті. Екінші күні 18 кезеңнен - бергшрунд, каньен арқылы өту, тапсырмалар алаңы, дюльфермен түсу, су кезеңі, зембіл тоқу, шартты жәбірленушіні тасымалдау және тұратын «Кросс-жорық» қашықтығы болды. Жарыстардың үшінші күні бард әні мен фотосурет байқаулары өтті.