ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың білім беру мекемелерінің Конституция күнін өткізуге қатысуы
29-08-2019 15:24
Қаланың білім беру мекемелерінің Конституция күнін өткізуге қатысуы

Қазақстан Республикасының Конституция күні әрбір қазақстандық үшін маңызды жалпы мемлекеттік мәні бар. 30 тамызда Конституция күніне арналған мерекені өткізу күні, жағажайда Павлодар қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары мен педагогтары қалалық мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысады. 5 - 6 сыныптардың 60-тан астам оқушысы «Мой солнечный Казахстан» Мега раскраска алаңының жұмысына қатысады, көркем мектеп тәрбиеленушілері «Дала үні, қала сыры» фильмін ұсынады. «Заң порталы» кеңесшілер аллеясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары азаматтарға жаңа оқу жылын ұйымдастыру және бастау мәселелері бойынша түсініктеме береді.

Конституция күні мерекесі аясында 7 - 8 сынып оқушылары Қ. Әбусейітов атындағы МСО-да болып, «Жау жүрек - мың бала» тарихи фильмін тамашалады. 1 қыркүйекте қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» республикалық интернет - акциясы өтеді. Бұл күні оқушылар, ата - аналар мен мұғалімдер Білім күніне арналған позитивті сипаттағы 1 - 2 минуттық бейне роликтерді әлеуметтік желілерде орналастыра алады. 2 қыркүйекте қала мектептерінде 41000-нан астам оқушылар үшін бірыңғай Конституция сабағы өткізіледі. Сабақтың басты мақсаты - Қазақстанның негізгі заңын мақсатты түрде зерделеу арқылы оқушылардың конституциялық-құқықтық мәдениетін, Конституциялық патриотизмін қалыптастыру және арттыру.