ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептеріндегі алғашқы қоңырау
01-09-2019 17:11
Қала мектептеріндегі алғашқы қоңырау

       2019 жылғы 1 қыркүйекте Павлодар қаласының барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты Білім күнін дәстүр бойынша салтанатты жиынмен атап өтті. Мерекелік шараға педагогикалық еңбек ардагерлері, қалалық мәслихат депутаттары, «NurOtan» ХДП өкілдері, меценаттар, табысты  түлектер қатысты.

    № 18 ЖОМ салтанатты жиынға қала әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкенов қатысты.

   Қала мектептері жаңа оқу жылына толығымен дайын.2019 жылы қаланың білім беру саласының бюджеті 18,0 млрд.теңгені құрайды. Соңғы 5 жылда қаржыландыру 43%-ға артты. Қалада апатты және үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ. Оқу жылының басына жалпы сомасы 283,0 млн.теңгеге 14 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілді. Басты мәселелердің бірі - сумен қамтамасыз ету, шатыр, жылумен қамтамасыз ету, энергиямен қамтамасыз ету, кәріз, қоршау, жылыту. 7 мектепті жаңа модификациялы кабинеттермен жарақтандыруға және оқу-тәжірибелік кешеннің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 60,8 млн.теңге бөлінді.

   Қала мектептері оқушыларының контингенті өткен оқу жылымен салыстырғанда 2000-нан астам оқушыға ұлғайып, 43,0 мыңнан астам оқушыны құрайды. Жыл сайын 1 сыныпқа түсетін балалардың саны өсуде. Биылғы жылы мектепке 7500-нан астам қабылдау жоспарланып отыр, бұл өткен оқу жылына қарағанда 2300-ға артық.

    № 6, 11, 15, 18, 27 мектептерде алғаш рет қазақ тілінде оқытылатын сыныптар ашылды.

   Білім беру мазмұны мен оқу бағдарламаларын жаңарту шеңберінде 4, 9, 10 сыныптар параллельдері үшін оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер, «Өлкетану» пәні бойынша хрестоматиялар сатып алынды. 1- 3, 5 - 7, 11 сынып оқушылары оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді. Бөлінген бюджет қаражатының сомасы - 508,6 млн.теңге.9-сыныптардың оқу бағдарламаларының ерекшелігі базалық білім беруді аяқтауға бағытталуы болып табылады. 10-шы сыныпта оқытудың басты ерекшелігі білім алушының нақты бейіндеу және кәсіптік қажеттіліктерге және болашақ мамандықты таңдауға сәйкес стандартты және тереңдетілген деңгейдегі оқу пәндерін таңдау болып табылады. 10-сыныпта жаңа оқу пәндері енгізілді: «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқушылардың таңдауы бойынша, «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәніне өзгерістер енгізілді. 

  5 мыңнан астам педагог өз еңбек жолын қаланың білім беру ұйымдарында жалғастырады, оның ішінде мектептерде - 3 мыңға жуық мұғалім. Қаланың білім беру ұйымдарына жоғары оқу орындарының, Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің, музыкалық колледждің 137 түлегі бөлінді, оның ішінде 71 жоғары оқу орындарының түлегі. Жаңартылған оқыту бағдарламаларын енгізу аясында 2559 педагог қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қала мектептерінде педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету 100% құрайды.