ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Денсаулық аптасы» науқанын өткізу туралы
03-09-2019 09:02

2019 жылдың 3 қыркүйегінде № 41 ЖОМ-да (Суворов көшесі, 41) сағат 12.00 - де «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Денсаулық апталығы» қалалық науқаны өтеді. Мақсаты - жұқпалы емес, жұқпалы аурулардың алдын алу, тағамнан улану мен жаппай жұқпалы аурулардың өршуіне жол бермеу және балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Науқанды ашу бағдарламасында:

АМТ оқушыларының ата-аналарына арналған майтабандылықты алдын алу бойынша ашық сабақ, биологияның модифицирленген кабинетінде сандық зертхананың қолданылуымен «Жүрек жұмысы мен қақтығысына физикалық жүктемелердің әсері» атты сынып сағаты - 5 сынып

«Белая ладья» шахмат клубының қатысушылары арасында жылдам шахматтан турнир 2 - 4 сынып оқушылары

6 - 7 сынып оқушыларының бозбалалары арасында футболдан жарыс

7 - 8 сынып оқушыларының бозбалалары арасында баскетболдан жарыс

6 сынып оқушылары үшін «Мен – чемпионмын» спорттық турнирі.

Денсаулық аптасы барысында әр түрлі іс-шаралармен 1 - 11 сыныптардың 1553 оқушысы қамтылады.

2019 жылдың 2 - 6 қыркүйегінде «Денсаулық апталығы» науқаны өтеді. Апта бойы «Пошталық денсаулық жәшігіне» оқушылар апта соңында медицина қызметкері немесе басқа қызметкерлер жауап беретін сұрақтар, ұсыныстар жібере алады.

Мектеп кітапханаларында «Дені сау болу - бұл керемет» тақырыптық әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады, санитарлық бекеттер құрылады, ОКИ мен тамақтан уланудың алдын алу, гаджеттердің балалардың денсаулығына әсері, үйде оқушылардың жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру (жиһаз, жұмыс позасы, жарық) мәселелері бойынша жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізіледі, мектеп оқушыларының күн тәртібін құру, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар беріледі, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша көрнекі материалдар (буклеттер, жадынамалар, ұсыныстар) таратылады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі