ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абай мен Шәкәрім білгірлерінің жетістіктері
03-09-2019 10:12
Абай мен Шәкәрім білгірлерінің жетістіктері

5 - 11 сынып оқушылары арасында  «Абай оқулары» ХХ республикалық байқауға Павлодар облысынан байқаудың облыстық  кезеңінің 6 жеңімпазы, сонымен қатар Павлодар қаласы мектебінен 2 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша  Павлодар қаласының № 24 ЖОМ 11 сынып оқушысы Колтай Максат «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинацииясында Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының  грамотасымен марапатталды. Павлодар қаласының № 38 ЖОМ 7 сынып оқушысы    Хавалхаг Газиз «За волю к победе» номинациясында «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.

6 номинация бойынша байқау 2019 жылы  26 - 29 тамыз аралығында Семей қаласы Абай ауданы Абай - Шәкәрім мұражай кешенінде өтті. Мақсаты - республика оқушылары арасында Абай және Шәкәрім мұрағатын насихаттау, олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру  департаменті, «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып табылады. Қатысушыларға Мұхтар Әуезов туған  Шілікті жері, Еңлік-Кебек кесенесі, Бөрілі ауылына қызықты саяхат ұйымдастырылды.