ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ІII жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі туралы
23-09-2019 11:12

 2019 жылы 21, 23, 25, 27 қыркүйекте , 4, 9 қазанда  сағат  10.00 - 14.00-де6, 7, 11, 28, 34 мектептерде Павлодар қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  жаратылыстану –математикалық пәндері бойынша ІII жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.

Мақсаты – ғылыми білімін дәріптеу және тарату,дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдай құру.Жаратылыстану –математикалық бағыт пәндері бойынша жасөспірімдер олимпиадасы 3 кезеңде өткізіледі – қалалық (аудандық), аймақтық, республикалық.

Олимпиада халықаралық және республикалық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері емес 7 - 8 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

         Олимпиаданың 1-ші кезеңі 2 турда өткізілді- іріктеу (жазбаша),  практикалық (міндеттерді шешу ауызша). Олимпиада ұзақтығы 4 астрономиялық сағат- әрбір турға 2 сағат. Практикалық турға іріктеу турында жалпы ұпай санынан 70% жинаған оқушылар жіберіледі.

I орын алған оқушылар, 2-шіолимпиаданың аймақтық  турына өтеді.  21 қыркүйекте қатысушылар информатика, 23 қыркүйекте- математика, 25 қыркүйекте- биология, 27 қыркүйекте-география. 4, 9 қазанда - физика, химияны тапсырады.

 

Павлодар қаласыныңбілім беру бөлімі