2019 жылы 21, 23, 25, 27 қыркүйекте , 4, 9 қазанда сағат 10.00 - 14.00-де6, 7, 11, 28, 34 мектептерде Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен жаратылыстану –математикалық пәндері бойынша ІII жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.
Мақсаты – ғылыми білімін дәріптеу және тарату,дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдай құру.Жаратылыстану –математикалық бағыт пәндері бойынша жасөспірімдер олимпиадасы 3 кезеңде өткізіледі – қалалық (аудандық), аймақтық, республикалық.
Олимпиада халықаралық және республикалық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері емес 7 - 8 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Олимпиаданың 1-ші кезеңі 2 турда өткізілді- іріктеу (жазбаша), практикалық (міндеттерді шешу ауызша). Олимпиада ұзақтығы 4 астрономиялық сағат- әрбір турға 2 сағат. Практикалық турға іріктеу турында жалпы ұпай санынан 70% жинаған оқушылар жіберіледі.
I орын алған оқушылар, 2-шіолимпиаданың аймақтық турына өтеді. 21 қыркүйекте қатысушылар информатика, 23 қыркүйекте- математика, 25 қыркүйекте- биология, 27 қыркүйекте-география. 4, 9 қазанда - физика, химияны тапсырады.
Павлодар қаласыныңбілім беру бөлімі