ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Биология бойынша III қалалық жасөспірімдер олимпиадасы
26-09-2019 09:08
Биология бойынша III қалалық жасөспірімдер олимпиадасы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2019 жылғы 25 қыркүйекте № 6 ЖОМ-да қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің 7 - 8 сынып оқушылары арасында биология бойынша жас өспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - оқушылардың қалалық деңгейдегі олимпиадаға дайындалу жүйесін жетілдіру және олимпиадалар қатысушыларының қорын жасау.

Биология бойынша олимпиадаға 31 мектептен (№ 1, 2, Мақпалеев атындағы, 5, 6, 7, 9, 11, 16, 17, 18, 19, 21, Б. Момышұлы атындағы, 24, 25, 26, 28, 29, 30, 31, 33, 34, 35, 37, 39, 41, Әуэзов атындағы, 43,  Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ) 52 оқушы қатысты. Бірінші турда қатысушылар күрделілігк деңгейі жоғары 4 ұсынылған тапсырма бойынша өз жауаптарын жазбаша мазмұндады. Айтарлықтай көп ұпай жинаған 11 оқушы 2-ші тәжірибелік турға өтті.

Биология бойынша олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындылары бойынша І орынды 8 сынып оқушылары Ананьев Илья (№ 24 ЖОМ), Полянцева Ангелина (№ 4 ЖОМ), ІІ орынды  8 сынып оқушылары Савицкий Егор (№ 1 ЖОМ), Марчук Мария (№ 16 лицей-мектебі), Айгумусова Майра (Жетекші ЖОМ), ІІІ орынды  8 сынып оқушылары Курманов Артур (№ 11 ЖОМ), Прытова Ангелина (№ 18 ЖОМ), Октәш Дәрия (Б. Момышұлы атындағы ЖОМ), Қабыл Нұрдаулет (№ 33 ЖОМ), Жақыпбекқызы Зере (Жетекші ЖОМ), № 16 лицей мектебінің 7 сынып оқушысы Кремер Милана жеңіп алдын. І және II орын алған оқушылар 5 қараша күні облыстық жасөспірімдер олимпиадасына қатысады.