Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар Өзбекстанда су ресурстарын қалай үнемдейтіндігі туралы білді
26-09-2019 14:41
Павлодарлық оқушылар Өзбекстанда су ресурстарын қалай үнемдейтіндігі туралы білді

«Мектептер: болашақ серіктестері» PASCH халықаралық жобасы шеңберінде  Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ 11 сынып оқушылары Немеренко Илья және Валеева Арина 2019 жылы қыркүйек айында Өзбекстан Ташкент қаласында Гете-институтымен ұйымдастырылған экологиялық фильм-жобасына қатысты. Олар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 20 оқушы, «Қоршаған ортаны қорғау» республикалық конкурсының жеңімпаздары ішінде болды. Қазақстан PASCH-мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары үшін Алматы қаласының Гете-институты жариялаған конкурс жазғы демалыс кезінде өтті. Байқау шарттары бойынша Илья мен Арина байқауға қоршаған ортаны қорғауға қатысқаны туралы қысқа бейне жіберді.

Экологиялық фильм-жобаға қатысушылар өзбек Карши қаласында жиналып, Орталық Азиядағы су ресурстарының жетіспеушілігі мәселелерін зерттеді. 10 - 15 қыркүйек аралығында Германияның «Glocаl-Films» ұйымының ассистенттерінің жетекшілігімен оқушылар «Су ресурстарын Өзбекстан мысалында үнемдеу» және «Әлемді біз құтқармағанда, кім құтқарады?» 2 фильмнің жасалуымен жұмыс істеді. Жұмысқа кіріспес бұрын балалар үшін шеберлік сағаттар өткізілді, онда оларды фильм жасау өнеріне: сұхбат алуға, техниканы дұрыс пайдалануға, су алаптарын, пейзаждарды және жүзім плантацияларын суретке түсіруге үйрету.

Арина мен Илья фильммен жұмыс барысында Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жергілікті мамандармен және сарапшылармен кездесіп, қала тұрғындарынан сұхбат алды. Оқушылар жүзім плантацияларындағы тамшылатып суару учаскесімен танысу үшін тәжірибелік тапсырмаларды Каршинск ауданында фермерлік шаруашылықта алды. Олар тамшылатып суаруды қолдану фермерге суару нормасын екі есеге төмендетуге мүмкіндік беретінін біле алды. Сонымен қатар, оқушылар басшысы Кашдария облысындағы су деңгейін маусымдық реттеу қандай маңызды рөл атқаратынын айтқан Гиссарак су қоймасының бөгетіне барды.

15 қыркүйекте Гете-институтында оқушылармен фильмдердің тұсаукесері өткізілді, жобаның қатысушыларымен және жұртшылықпен пікірталас өтті. Сапар кезінде оларға Өзбекстан табиғатының сұлулығы мен сыйын тамашалауға мүмкіндік берілді. Карши қаласындағы PASCH-мектеп топтарының оқушылары мен жетекшілеріне көрсетілген жылы шығыс қабылдауы апталық жемісті жұмысқа ықпал етті.

  № 36 мектеп 2008 жылдың 6 қазанынан бастап Қазақстандағы Германияның «Мектептер: болашақ серіктестері» PASCH халықаралық жобасына қатысады. Мектеп оқушылары Қазақстан қалаларындағы PASCH-мектептерінің жыл сайынғы кездесулеріне, Алматы қаласының Гете-институтымен ұйымдастырылған түрлі конкурстарға, жобаларға, шеберлік сағаттарға белсенді қатысады. PASCH халықаралық жобасының арқасында оқушылар Германиядағы 3 апталық тілдік курстардың қатысушылары, конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылады.