ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Футболдан мектептік турнир
27-09-2019 09:18
Футболдан мектептік турнир

2019 жылғы 11 қыркүйекте  Павлодар қаласы  Макпалеев атындағы  мектептің жаңа стадионында Қазақ СРО-ның еңбек сіңірген мұғалімі К. Макпалеевке арналған футболдан  ХХІІ қалалық турнирдің ашылуы болды.  Жарысқа қалалық жалпы білім беру мектептерінің 25 командасы 7 - 8 сыныптардан 250 оқушы қатысты. Мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында  футболды насихаттау. Турнирдің ашылу рәсіміне  К. Макпалеевтың ұлы, туыстары  қатысты.

Футболдан турнирдің қорытындылары 23 қыркүйекте жарияланды. Турнирда  І орынға  № 19  мектебінің командасы ие болды, ІІ орын  Абай атындағы  дарынды балалаға арналған № 10 лицей-мектебінің  қоржынында, ІІІ орын № 37 мектебінің командасы алды. К. Макпалеевтың туыстары салтанатты түрде жарыс жеңімпаздарын кубок және футбол добымен марапаттады, жүлдегерлер медаль және мақтау грамота алды. Ең үздік ойыншылар, үздік шабуылшылар номинациялар бойынша  грамота алды. Өткен жылы турнирдің жеңімпазы К. Макпалеев атындағы мектеп командасы болды, дене шынықтыру мұғалімі Серік Тасболатұлы Шамшиденов.