Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сынып жетекшісі мен ата-аналардың өзара әрекеттестігі
27-09-2019 10:18
Сынып жетекшісі мен ата-аналардың өзара әрекеттестігі

2019 жылғы 14 тамыз - 20 қыркүйек аралығында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының призмасы арқылы «Бақытты отбасы» тақырыбындағы сынып жетекшілерінің қашықтықтан біліктілікті арттыру курсына 1000-нан астам қазақстандық мұғалімдер қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің 13 сынып жетекшісі.

Курстық бағдарламаға ұзақтығы 30 - 50 минутты құрайтын, 3 модульден тұратын 30 дәріс енгізілді. Әр модульдің қорытындысы бойынша қатысушылар тестілеуден өтті. Дәрістерді тәжірибелі оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер жүргізді, оқу барысында қатысушыларға барлық бағдарламалық материалдар ұсынылды. Бақылау тапсырмалары бойынша курс қатысушылары сыныптарда ата-аналар жиналыстарын өткізді. № 34 мектептің 3-сынып жетекшісі Олеся Викторовна Заболотских «Ата-ана мен бала арасындағы шиеленістер». Пайда болу себептері. Алдын алу және реттеу. Балалардың оқуы үшін, олармен қалай сөйлесу керек?» тақырыбында жиналыс өткізді. Курс соңында барлық сынып жетекшілеріне сертификаттар берілді.

Бұл жобаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Отбасылық тәрбиелеу институты» ЖШС жүзеге асырады.