ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бірінші JastarSportFest атты жастар ойыны
27-09-2019 17:07
 Бірінші JastarSportFest атты жастар ойыны

«Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша «Birinshi Jastar Oiyndary» (JastarSportFest) әлеуметтік жобасы аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының қолдауымен, мектеп спорт федерациясы мен облыстық білім беру басқармасының Аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру орталығының қолдауымен № 25 ЖОМ спорт нысандарында 2019 жылғы 18 - 22 қыркүйекте футзал, волейбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика және әскери-қолданбалы спорт бойынша облыстық іріктеу турнирлері өткізілді. Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарының 300 оқушысын қамтумен 55 команда қатысты.

Футзал бойынша жарыс қорытындысы бойынша (ұлдар) I орынды № 19 ЖОМ, II орынды № 21 ЖОМ, III орынды Кенжекөл ЖОМ, № 2 ЖОМ иеленді. Волейболдан (қыздар) I орынды № 25 ЖОМ, II орынды № 2 ЖОМ, III орынды № 22, 19 ЖОМ, әскери - қолданбалы спорт түрлерінен (ұлдар) II орынды № 26 ЖОМ, III орынды № 22 ЖОМ иеленді.

Тоғызқұмалақ бойынша (ұлдар) I орынды № 20 лицей-мектебінің оқушысы Қазым Ернұр, III орынды - Ахметов Надир (№ 25 ЖОМ), тоғызқұмалақ бойынша (қыздар) I орынды - Егібай Аяжан, № 39 ЖОМ оқушысы, II орынды-Темірболатова Аяна (№ 20 лицей-мектебі), III орынды - Сами Мерей (№ 37 ЖОМ) иеленді.

Жеңіл атлетикадан бір орыннан секіру бойынша (ұлдар) III орынды Ислямов Ислямбек, № 42 ЖОМ оқушысы, Миронович Максим (№ 16 лицей-мектебі), 100 м жүгіруден (ұлдар) III орынды Орлов Илья, № 18 ЖОМ оқушысы, Жуков Денис (№14 ЖОМ), 60 м жүгіруден (қыздар) I орынды Рубон Ксения, № 42 ЖОМ оқушысы, II орынды Эрлик Ариана (№ 21 ЖОМ) иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз санаттарында жарыс ұйымдастырушыларының грамоталарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Іріктеу турнирінің жеңімпаздары 2019 жылдың 14 - 27 қазанында Ақмола облысының Щучинск қаласында өтетін республикалық жарыстарда Павлодар облысының намысын қорғайды.