Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шахматтан облыстық турнир жүлдегері
30-09-2019 11:22
Шахматтан облыстық турнир жүлдегері

Шахматтан облыстық турнирінің қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы 10 жасқа дейінгі санатта Павлодар қаласы № 29 ЖОМ-нің 3 сынып оқушысы Жансая Еркасова II орынды иеленді. Жансая 5 жасынан бастап шахмат ойнына қызыға қарады. Атасының шахмат ойнына икемі болғандықтан, немересіне де бұл әуестігі беріліп, Жансая шахматпен шұғылданып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Анасы Жансаяның шахматқа деген қызығушылығын көріп, оны «Ладья» шахмат клубына жазуға бел буды. Бір жылдың ішінде қызы түрлі турнирлерге қатысып, түрлі дипломдармен, сертификаттармен марапатталды, III разряды бар. Жансая шахматпен айналысып, оқуын да жақсы оқиды және барлық сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысады. Бос уақытында ол сурет салуды, мүсіндеуді ұнатады.

Облыстық чемпионат 2019 жылдың қыркүйегінде шахмат үйінде өткізілді, турнирге әр түрлі жастағы шахматшылар қатысты - балалар, ересектер және ардагерлер.