ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалар жемқорлыққа қарсы
01-10-2019 14:38
Балалар жемқорлыққа қарсы

«Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының облыстық слетіне 20 қыркүйекте слеттің қалалық кезеңінің бас жүлде иегері, Павлодар қаласы Кенжекөл мектебінің «KJKTeam» командасы қатысты. Облыстық  байқау қорытындысы бойынша команда I орын алды және «Жемқорлықсыз өмір - адал өмір» танысу бейнеролигі номинациясында I дәрежелі дипломмен марапатталды. Өз бейнероликтерінде оқушылар ықшамаудан тұрғындарымен салауатты өмір сүру бойынша үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Сұхбат беруге жемқорлыққа қарсы күресу туралы сұрақтар дайындалды, содан соң «Жемқорлық - жоқ» квест ойын өткізілді. Байқау 2019 жылы 30 қыркүйекте М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында өткізілді.

Байқау шарты бойынша қатысушылар «Жемқорлықсыз өмір - Адал өмір» бейнероликпен танысу (мектеп жанындағы «Адал ұрпақ» еріктілер  клубы тұрғындарымен жұмыс, «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ» тақырыбына агитбригада байқауы және 2018 - 2019  оқу жылында көрнекі (үлестірмелі) имидждік материал (буклет, папка, топтама) пайдаланылуымен оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша  өткізілген іс-шаралар туралы есеп ұсынылды.