ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ж. Аймауытовтың 130 жылдығына арналған облыстық байқауының жүлдегері
01-10-2019 14:41
Ж. Аймауытовтың  130 жылдығына  арналған облыстық байқауының  жүлдегері

Жүсіпбек   Аймауытовтың 130 жыл толуына орай өткізілген алғашқы  облыстық  байқауға  Бауыржан  Момышұлы атындағы ЖОББ мектебінің   қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағдат Акрамовна  Сибанбаева қатысты.  Байқау қорытындысы  бойынша  ІІ  жүлделі  орынды  иеленді. 

«Сөз жампозы - Жүсіпбек» бағытында мұғалім «Бүгінгі күннің  биігіндегі Жүсіпбек Аймауытов» туралы Ж. Аймауытовтың біздің  кезеңіміздегі  ұлы  есімі туралы эссе жазды. Бағдат  Акрамовна Бауыржан Момышұлы  атындағы  ЖОМ екінші  жыл қызмет атқаруда. Осы уақыт  ішінде  өзі түрлі  сайыстарға  қатысушы  және  шәкірттерді   сайыстарға, байқауларға, олимпиадаларға  дайындайды. 2018 жылы 5-сынып оқушысы  Мұратов Ахмет қалалық «Махамбет оқулары» сайысында ІІ орынды иеленді, 2019 жылы 6-сынып оқушысы Кенхан Ақнұр қалалық Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған  қалалық  сайысында жеңімпаз атанды.

Облыстық  байқау  Баянауыл  ауданы  Ж. Аймауытов  атындағы  ЖОМ  27 қыркүйекте өткізілді, облыс мектептерінен 40 ұстаз бақ сынады. Байқаудың ұйымдастырушылары облыс білім беру басқармасы және «Мәшһүр Жүсіп»  қоры.