Жүсіпбек Аймауытовтың 130 жыл толуына орай өткізілген алғашқы облыстық байқауға Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағдат Акрамовна Сибанбаева қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ІІ жүлделі орынды иеленді.
«Сөз жампозы - Жүсіпбек» бағытында мұғалім «Бүгінгі күннің биігіндегі Жүсіпбек Аймауытов» туралы Ж. Аймауытовтың біздің кезеңіміздегі ұлы есімі туралы эссе жазды. Бағдат Акрамовна Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ екінші жыл қызмет атқаруда. Осы уақыт ішінде өзі түрлі сайыстарға қатысушы және шәкірттерді сайыстарға, байқауларға, олимпиадаларға дайындайды. 2018 жылы 5-сынып оқушысы Мұратов Ахмет қалалық «Махамбет оқулары» сайысында ІІ орынды иеленді, 2019 жылы 6-сынып оқушысы Кенхан Ақнұр қалалық Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған қалалық сайысында жеңімпаз атанды.
Облыстық байқау Баянауыл ауданы Ж. Аймауытов атындағы ЖОМ 27 қыркүйекте өткізілді, облыс мектептерінен 40 ұстаз бақ сынады. Байқаудың ұйымдастырушылары облыс білім беру басқармасы және «Мәшһүр Жүсіп» қоры.