Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мақатаев оқулары бас-жүлде иегері
02-10-2019 10:31
Мақатаев оқулары бас-жүлде иегері

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2019 жылы 30 қыркүйекте № 2 ЖОМ ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған қалалық оқулар өткізілді. Мақсаты - талантты балаларды қолдау, ақын шығармашылығын  насихаттау.

Оқуға № 20 мектеп-лицейі,  К. Макпалеев атындағы,  Б. Момышұлы атындағы мектептер, № 6, 7, 17, 18, 21, 23, 25, 26, 28, 29, 30, 33, 36, 37, 39, Жетекші ЖОМ  7 - 11 сыныптың 21 оқушысы қатысты. Байқау қатысушыларын С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік  университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің  оқытушылары бағалады. Байқау  6-номинация бойынша өткізілді: «Менің пірім - Мұқағали», «Жауқазын жыр жанымда жүр мазалап....», «Жыр эстафетасы» (берілген ұйқасқа өлең құрау), «Өлеңнен өрілген ой», «Мұқағали мұрасын кім көп біледі».

Байқау қорытындысы  бойынша  бас-жүлдеге № 37 мектептің 7 сынып оқушысы Сұлтанұлы Рамазан иеленді. Ол Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын білу,ақын шығармасын мәнерлеп оқып көрсете алды. I дәрежелі дипломмен  № 17 мектептің 8 сынып оқушысы Фазыл Азиз марапатталды. Азиз ақын өлеңдерінің тақырыптық мазмұнын ашты.II дәрежелі дипломмен  № 30 мектептің  6 сынып оқушысы Нұрлан Искандер және Жетекші мектебінің 7 сынып оқушысы Айтмағамбетов Ерасыл марапатталды. III орынға № 7 мектептің 11 сынып оқушысы Бекиева Рузия, Б. Момышұлы атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Науразбекова Гүлсара, № 33 мектептің 10 сынып оқушысы Кунашева Дильнур ие болды. Бас-жүлде иегері және қалалық кезең жеңімпазы қазан айында байқаудың  облыстық кезеңіне қатысады.