Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Павлодар қаласы әкімінің қатысуымен 2019 жылғы 4 қазанда сағат 16.00-де Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Іс-шараға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің педагогтері, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысады.
Мереке бағдарламасында-қалалық «Жыл мұғалімі», «Жыл тәрбиешісі» конкурстарының қорытындылары.
Конкурстардың нәтижелері бойынша Бас жүлде иегері, жеңімпаздар мен жүлдегерлер, номинанттар анықталды.
«Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдызы» номинациялары бойынша Павлодар қаласы әкімінің, Павлодар облысы білім беру басқармасының наградаларын табыстау жоспарлануда.
Сондай-ақ, бейне сюжетті көрсетумен педагогикалық отбасылық-әулетті марапаттау өткізіледі.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі