Павлодар қаласы әкімі Қайрат Теміршортұлы Нукеновтың қатысуымен 3 қазан күні сағат 8.30 де № 36 экологиялық бағытында жалпы орта білім беретін мектепте (Шевченко к,1) экосағат өткізіледі.
2019 жылғы 3 қазан күні сағат 12.00 бірыңғай Республикалық экологиялық сағат шеңберінде Павлодар қаласының 42 жалпы орта білім беретін мектептерінде экосағат өткізіледі.
Экосағаттың мақсаты – оқушылармен табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, өсімдік және жануарлар әлемін, су ресурстарын сақтау.
Эко-сағаттың бірыңғай форматы келесі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қарастырады:
бастауыш, орта және жоғары сыныптарда танымдық-дамытушылық сабақ
белгіліадамдарменанимациялық ролик пен бейнеайналымдыкөрсету
мектеп жанындағы учаскелерде жасыл желектер отырғызу.
Экосағатқа 42 мыңнан аса оқушылар, 1726 педагогтар және 900 ата-аналар қатысатын болады. Мектептердің ауласына 1500 аса ағаштар отырғызылады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі