ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Батырлар үнемі ел есінде
21-10-2019 11:34
Батырлар үнемі ел есінде

Павлодар қаласының № 5 мектебі «Павлодар қаласы мен Павлодар облысының Ауған соғысының және жергілікті соғыстарының ардагерлері мен мүгедектері» ҚҚ бірлесіп 2019 жылдың 18 қазанында «Қаһармандар біздің жадымызда өмір сүруде!» атты акцияны өткізді. Акция қаза болған интернационалист-жауынгерлерге арналған мемориалдың ашылуына және Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған әскери-патриоттық іс-шаралардың басталуына арналған. Мақсаты - отан сүйгіштікке, Отанға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Отан қорғаушысы мен нағыз патриот бейнесін, өскелең ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Акцияға 200 астам 9 - 11 сынып оқушылары мен қала мектептерінің педагогтары қатысты.

Акция аясында гүл шоқтары қойылып, митинг өтті. Митингте «Павлодар қаласы мен Павлодар облысы Ауған соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері» ҚҚ директоры Байғабыл Нұртайұлы Майкотов, «Павлодар қаласы мен Павлодар облысы Ауған соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері» ҚҚ директорының орынбасары Төлеген Жәметұлы Көкумбаев сөз сөйледі. Қонақтар акті залында «Ерлік сабағына» қатысты. Сабақта Ауған соғысы туралы бейнефильмдер, слайдтар көрсетілді, Нұрлан Есенбаевтың және қала мектептерінің жетекші вокалшыларының орындауында әндер айтылды. Оқушылар қонақтарға сұрақтар қойып, толық және мазмұнды жауаптар алды.