ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану
21-10-2019 17:10
Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі ұлттық орталығы Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп 2019 жылғы 21 қазанда № 37 ЖОМ-да «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ұлттық стандарттарға сәйкес насихаттау және қолдану бойынша жұмыс» атты мобильдік әдістемелік семинар өткізді. Семинарға білім беру ұйымдарының 280-нен астам басшылары, тарих мұғалімдері, қаланың жалпы білім беретін мектеп кітапханашылары қатысты.

Семинар 3 бөлімнен тұрды - Мемлекеттік Ту және оның ұлттық стандарты, Мемлекеттік Елтаңба және оның ұлттық стандарты, Мемлекеттік Әнұран. Аталған блоктар бойынша мемлекеттік рәміздерді насихаттау орталығы директорының міндетін атқарушы Р. П. Хамза сөз сөйледі. Қатысушыларға туындаған сұрақтарға жауап беру және түсіндіру үшін диалог алаңы ұсынылды.

Семинарда мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша белсенді жұмысы үшін ұлттық орталықтың 27 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің басшылары, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары алғыс хатымен марапатталды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар мен материалдарды электронды тасымалдағышта алды.