ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өз халқының тарихымен әдет-ғұрпын білу
22-10-2019 11:08
Өз халқының тарихымен әдет-ғұрпын білу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 14 - 18 қазанда Павлодар қаласының № 17 ЖОМ-де Қазақстандағы Рухани келісім күніне арналған «Құс күші - қанатында, адам күші - достықта» толеранттылық апталығы өтті. Мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттеріндамыту, Қазақстанда0тұратын0халықтардың салт-дәстүрлерін0білу. Апталық бағдарлама аясында 1 - 4 сыныптарда «Халықтар достығы - жай сөз емес…», 5 - 8 сыныптарда «Руханилық және адамгершілік - Қазақстан Республикасы азаматының ажырамас қасиеттері», 9 - 11 сыныптарда «Мәдениет диалогы - біртұтас әлем» сынып сағаттары өткізілді. 8 - 11 сыныптарда «Біз қазақстандықтар - бірегей халықпыз», «Мы - одна команда...», 1 - 4 сыныптарда «Жүректен - жүрекке», «От сердца к сердцу» суреттер байқауы. «Рухани және мәдени0экстремизм0мен0лаңкестікке0қарсы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

18 қазан күні өткізілген «Рухани келісім - бейбітшілік пен келісімге жалғыз жол» фестивалінде Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясымен бірлесіп өткізілген аптаның қорытындысы шығарылды. Мерекеге Павлодар ұлттық украин орталығының  Тарас Шевченко атындағы  өкілдері қатысты, Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің украин бөлімі, «Эльпида» грек этномәдени бірлестігі, «Мерказ» еврей этномәдени бірлестігі, «Халкъан барт» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі». Ұлттық диаспоралардың көркем ұжымдары концерттік бағдарламамен өнер көрсетті. Фестивальда оқушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы мен рөлі, этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы көп білді.