Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
7 сыныптан бастап қала мектептерінде ерте кәсіби бағдар басталды
23-10-2019 09:23
7 сыныптан бастап қала мектептерінде ерте кәсіби бағдар басталды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің оқу-өндірістік комбинатында (ОӨК) 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қаланың жалпы білім беру мектептерінің 7 сынып оқушыларымен ерте бейіндеу жұмыстары басталды. 1300-ден астам сынып оқушылары үшін ерте кәсіптік бағдар беру арқылы әр түрлі кәсіптерде бастапқы дағдыларды алу мүмкіндігі пайда болды.

«Жас маман» элективті курсы бойынша оқу-өндірістік комбинатында жетінші сынып оқушыларына арналған сабақтарда оқу жыл бойы өзін-өзі тану шекарасын кеңейту және кәсіптер әлемі, маркетинг, медицина, менеджмент, графикалық дизайн туралы ақпарат алу мақсатында жүргізіледі. Алдағы уақытта қаланың барлық 7 сынып оқушыларын қамту кезінде 8 және 9-сыныптарда оқушылар оқу бейіндерінің бірін таңдап, оларды практикада қолдануды меңгеруі үшін басқа қызмет салаларының мамандықтары бойынша жұмысты ұйымдастыру жоспарлануда. Мысалы, оқушылар сервис және тамақтану, журналистика, дизайн, бағдарламалау салалары мамандықтарына қызығушылық танытады.

Оқу бағдарламасы техника, ақпараттық технологиялар, медицина, білім беру, экономика, мәдениет және өнер, қызмет көрсету саласы бойынша мамандық таңдауға қызығушылықты дамытуға арналған. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кезінде мамандықтар бойынша айлықтар, «Кәсіпқойлармен сұхбат» мамандармен кездесу-әңгіме, мамандыққа экскурсиялар, профильдер апталығы, «Фотосуреттердегі кәсіп», «Менің отбасымның кәсібі», «Кәсіптер туралы сұрақтар» викторина-ойыны, «Өзіңді тексер» «Мамандықты біл» акциялары, кәсіптік бағдар беру тренингтері, «Кәсіптер күнтізбесі», «Кәсіптер мен оқу орындары бойынша гид», «Осындай мамандық бар», «Болашаққа көзқарас: жаңа мамандықтар», «Кәсіптердің қажеттілігі туралы» ақпараттық алаңдары өткізіледі.

Қазіргі уақытта оқушылардың кәсіби бағдарын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жоғары білімді 12 маман жүзеге асырады, олардың 9-ы жоғары санатты, 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Педагогикалық ұжыммен оқу-әдістемелік база құрылды - бейіндік курстардың авторлық бағдарламалары, әдістемелік құралдар, кәсіби бағдар бойынша материалдар, кәсіптік диагностика бойынша жинақтар әзірленді.

2019 жылдан бастап оқу-өндірістік комбинатты жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл кәсіптік өзін-өзі анықтаудың қазіргі заманғы тәсілдерін одан әрі енгізуді, ерте кәсіптік бағдар берудің материалдық-техникалық базасын, жаңа бағыттағы мамандықты жақсартуды көздейді.