ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жігерліктердің спорттық қоржынына 5 медаль қосылды
24-10-2019 09:07
Жігерліктердің спорттық қоржынына 5 медаль қосылды

Қарағанды облысының 85 жылдығына және Жастар жылына арналған жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнирінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының 11 тәрбиеленушісі қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша жігерлік спортшылар 3 алтын медаль, 1 - қола және 1 күміс медаль иеленді.

I орынды 48 келі салмақ дәрежесінде Нұрғазинов Әлібек «Сауран» клубының тәрбиеленушісі, № 5 ЖОМ 8-сынып оқушысы, Бутонтаев Арлан «Азат» клубының тәрбиеленушісі, № 2 ЖОМ 4-сынып оқушысы (28 кг салмақ дәрежесінде), Серикбосынов Ернар «Айналайын» клубының тәрбиеленушісі, № 37 ЖОМ  5-сынып оқушысы (38 кг салмақ дәрежесінде). II орын +60 кг салмақ дәрежесінде Каирден Әлихан «Азат» клубының тәрбиеленушісі № 5 ЖОМ  5-сынып оқушысы. ІІІ орын 40 кг салмақ дәрежесінде Мұратов Ильяс «Сауран» клубының тәрбиеленушісі, № 19 ЖОМ 6-сынып оқушысы. Үшінші жыл тәрбиеленушілер «Сауран» балалар-жасөспірімдер клубының «Алаш» секциясында бокспен айналысады. Жаттықтыруқшы жекпе-жек және үшсайыс бойынша спорт шебері Жаменкенов Ертай Хайруллинович болып табылады.

Республикалық турнир 2019 жылдың 9 - 12 қазан аралығында Қарағанды қаласында өтті, оған Қазақстан өңірлерінен 10 - 14 жас аралығындағы құрамында 288 жас боксшысы бар 26 команда қатысты.