ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өңірде балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту
25-10-2019 12:20
Өңірде балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту

    Өңірдегі балалар мен жасөспірімдер туризмін жандандыру және дамыту үшін педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 24 қазанда «Білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысында туристік-өлкетану қызметіндегі инновациялары» аймақтық семинары өткізілді. Семинарды Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы ұйымдастырды. Семинар жұмысына 30-дан астам дене шынықтыру мұғалімдері, мектеп туризмінің нұсқаушылары, туристік-өлкетану қызметімен айналысатын облыстық жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің үйірме, клуб, секция басшылары қатысты.

   Семинар аясында «Балаларға қосымша білім берудің туристік-өлкетану бағыты бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу технологиясы», «Аңыздар жолымен» туристік маршрутты әзірлеу және өткізу технологиясы», «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде туризм және өлкетану бойынша сабақтарды өткізу технологиясы», «Туристік іс-шараларды өткізу технологиясы», «Жабық бөлмелерде спорттық бағдарлауда қашықтықты жоспарлау және қою», «СЮТур» балалар аула клубы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар жасөспірімдер экология және туризм орталығы ұстаздарымен шеберлік-сынып өткізілді. Қатысушылар балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту туралы ұсыныстар талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға экологиялық-ботаникалық кешен, «Жас эколог» мұражайы, жылыжай бойынша экскурсия ұйымдастырылды.