2019 жылы 28 қазанда сағат 9.00 -15.00 дейін № 34 ЖОМ (Лермонтов көшесі, 93/1) Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі өткізіледі.
Мақсаты – оқушыларды жоғарғы деңгейдегі зияткерлік жарысқа дайындау, бастауыш сынып оқушыларының математикалық дарындылығын қолдау.
Математикалық турнирге қаланың 39 жалпы білім беру мектептерінен 159 оқушы қатысады.Турнир 2 турда өтеді – командалық (ауызша) және жекелей (жазбаша). Орындар жеке беріледі- командалық І тур қорытындысы бойынша , жеке орын- ІІ турдың жеке нәтижесінің қорытындысы бойынша.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломымен марапатталады. Ерекше нәтижесі үшін командалық біріншілікте Гран-при,жекелей біріншілікте «Абсолюттік жеңімпаз»- атағы беріледі.Барлық қатысушылар сертификат алады.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі.