ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Отбасы мен мектептің жағымды диалогы
25-10-2019 22:11
Отбасы мен мектептің жағымды диалогы

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа сапаны қамтамасыз етуде және білім беру нәтижелерін бағалауда мектеп пен ата-аналардың пәрменді өзара іс-қимылын ұйымдастыруда ерекше рөл атқарады. Ата-аналарды бағалаудың жаңа технологияларымен (БЖБ және ТЖБ) таныстыру, сабақта оқушылардың қызметін ұйымдастыру, мектептің ата-аналар мен оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруын қалыптастыру үшін мектептің социуммен кері байланысын жүзеге асыру, ата-аналарды критериалды бағалау технологиялары мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында 2019 жылғы 24 қазанда № 17 ЖОМ ашық есік күні өтті. Іс-шара Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Ата-аналар 5б сыныпта (мұғалім Л. В. Шевченко) математика, 2а сыныпта ағылшын тілі (мұғалімдері М. Г. Паршукова,  А. Т. Нұғманова) қазақ тілі 3а, 5б, 4в (мұғалімдері Г. М. Сарсенова, А. Е. Оспанова,  Д. С. Нұрбаева) Қазақстан тарихы 6б (мұғалімі А. Х. Дандина) орыс тілі 2в, 4д (мұғалімдері В. В. Басанец, А. И. Лукашова), дене тәрбиесі 4д сыныпта (мұғалімі Л. В. Шохалевич) өткен сабақтарға қатысты.

Ата-аналар сабақтардың техникалық жабдықталуын, балалардың дайындық сапасын, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін жоғары бағалады, қызықтыратын сұрақтарға жауап алды және оқу жылы бойы ашық есік күндері аясында білім беру процесіне қатысушылардың осы оң диалогын жалғастыруға тілек білдірді.