Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
494 аттестатталушы мұғалімдер ашық сабақтар өткізді
28-10-2019 09:24
494 аттестатталушы мұғалімдер ашық сабақтар өткізді

Жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен аттестатталатын мұғалімдердің ашық сабақтарына қатысу аяқталды. Сабақтар 1 қазаннан 24 қазанға дейін өтті. 494 педагог өтініш жасады, оның ішінде шеберге - 18 өтініш, зерттеуші - 295, сарапшы - 108, модератор - 73.

Сабақтарға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері, пән мұғалімдері, мектептің жас педагогтары, ата-аналар қатысты. Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында мұғалімдер сабақта балалар постерлер, ментальдық карталар, топтық презентациялар түрінде шағын-жобалар жасау бойынша қалай жұмыс істейтінін дескрипторларға сәйкес критериалды бағалау әдістерін көрсетті. Мұғалімдер, әдіскерлер, ата-аналар қатысқан сабақтардың қорытындысы бойынша көрсеткен маңызды сәттердің бірі балалардың сабақтардағы белсенді жұмысы, олардың ақпаратты талдай және өңдей білуі, өз топтарының жұмыстарын қорғау кезінде көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары болып табылады.

Педагогтар талап етілген нәтижені қамтамасыз етіп, оқытудың оң динамикасын және кәсіби құзыреттілік деңгейін көрсете алды.