Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас вокалистың жетістіктері
31-10-2019 09:42
Жас вокалистың жетістіктері

Павлодар қалсында өткен халықаралық «BangDanceFire» сайысында № 7 ЖОМ 6-сынып оқушысы Сарсенов Дарын І орын ие болып, дипломмен, сайыс медалі және жеңімпаз кубогымен марапатталды. Сайыста «Вокал» санатында Әбділда Елжастың сөзіне жазылған Жарасхан Төлебайдың «Қазақтың ұлымын» әнін шырқады.

Дарын вокалмен Достық Үйінде орналасқан «Вокал өнері мектебі «StarKZ» студиясының тәрбиеленушісі. Студия жетекшісі және вокал ұстазы Зибагүл Қуановна Идрисова. Сонымен қатар Дарын № 1 музыкалық балалар мектебінде домбыра сыныбында дәріс алады. Домбырадан ұстазы  Гаухар Арғыновна Абжанова. 10 жасынан түрлі сайыстарға қатысып келеді. Павлодарда өткен халықаралық«Дионис»  сайысының лауреаты (2019 жыл). Мектепте жақсы оқиды, ағылшын тілін сүйіп оқиды, мектепішілік және сыныптық іс-шараларға белсене қатысады. Спортты жақсы көреді.

Сайыс «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығында 2019 жылдың 20 қазан күні өтті. Сайысқа Павлодар облысынан 9 - 18 жас аралығында 100-ден аса балалар әртүрлі санатта өнер көрсетті