Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Зерде» облыстық байқауының қорытындысы
31-10-2019 16:10
«Зерде» облыстық  байқауының қорытындысы

2019 жылы 29 қазанда Павлодар қаласының № 25 мектебінде «Зерде» шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары республикалық байқауының облыстық кезеңіне 1 - 7 сыныптың 440 оқушы қатарында Павлодар қаласының 26 жалпы білім беру мектептерінен 73 оқушы қатысты және 65 жоба ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 54 оқушысы жеңімпаз және жүлдегер атанды, 46 шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстарының  авторы, оның ішінде 4 оқушы 1 орынға ие болды (барлығы 24 оқушы алды),екінші - 16,үшінші - 26.

I орын иегері «6 және 7 жастағы балалардың мектепке дайындығы» жобасы үшін № 21 мектептің 3 сынып оқушысы Қайрбек Маржан, «Көзі  нашар көретін адамдарға арналған ардуин-легобілезік» жобасы үшін № 25 мектептің 3 сынып оқушысы, Қонақбай Асайн, «Қағаз қалдықтарынан бизнес көзін жасау» жобасы үшін № 29 мектептің 4 сынып оқушысы  Апсалямов Арлан, «Минеральные богатства на примере Павлодарской области» жобасы үшін № 43 мектептің 4 сынып оқушысы Реснянский Елесей.

II орынға № 2, 7, 9 (2), 11, 16, 19, 25, 29, 34, 35, 37, 41,43, К.Макпалеев, Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушылары, III орынға - № 1, 6, 7, 9, 11, 17, 19, 25 (4), 29 (2), 35 (3), 36, 37, 39 (3), К. Макпалеев, Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл ЖОМ (2) оқушылары ие болды.

Жоғарғы рейтингті Павлодар қаласының № 25, 29, 39 ЖОМ оқушылары көрсетті. I орын алған оқушылар республикалық байқауға қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық қатысушылар «Ертіс дарыны» дарынды балаларға арналған өңірлік оқу-әдістемелік орталығының сертификатымен белгіленді.

Зерттеу жұмыстарын қорғау 9 секция бойынша өтті: қазақ тілі және әдебиет,орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдени, химия, биология, экология, валеология және робототехника. Мақсаты - бастауыш және орта мектеп оқушыларының зерттеу қабілеттерін дамыту және зерттеу жұмыстарының дағдыларын жетілдіру, зияткерлік-шығармашылық мүмкіншілігін дамыту. Әділ қазы құрамында жоғарғы оқу орындарының оқытушылары  жұмыс істеді.