Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлы Абай мұрасы
01-11-2019 09:09
Ұлы Абай мұрасы

Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша «Абай жолы» шығармашылық жобасы аясында Абайдың 175 жылдығына арналған апталық өткізілді.

Апта бойы 100 аса оқушы Абай шығармашылығы туралы шығармашылық жобалар, рефераттар презентациясы бойынша қатысты. «Абай Құнанбаев - ақын және жазушы», «Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы», «Абай Құнанбаев – ағартушы және философ», «Абай Құнанбаев - композитор», «Абай Құнанбаев – қоғам қайраткері» тақырыптарында сынып сағаттары мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Шығармашылық жоба қорытындысы 30 қазанда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана мамандарымен бірлесіп дайындалған «Ұлылардың ұлысы - Абай» музыкалық-әдеби кеші болды. Кеште олар ақпараттық хабарлама өткізді және кітап көрмесін ұйымдастырды. Мектептің оқушылары мен педагогтарының орындауында Ұлы Абайдың «Айттым салем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы» әндері шырқалып, «Бәрі болды өзімнен», «Адамның кейбір кездері», «Мені домбырамен мазаламаңыз», «Күз» өлеңдері оқылды.

Мектеп әдіскері Марина Юрьевна Бойко «Оқушылар ойшылдың шығармаларын зор ықыласпен оқиды, өйткені әдебиеттанушылар оның поэзиясын мәңгілік деп атағаны бекер емес - оның әрбір туындыларында өмір, Отан және білімге шақыру туралы терең ойлар жатыр, бұл бүгінгі таңда өте өзекті», деді.