Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша семинар
01-11-2019 09:39
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын алу бойынша семинар

         Павлодар қаласының білім беру бөлімі 30 қазанда № 34 мектепте «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

   Семинарда «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» мәселелері бойынша облыстың жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Бибігүл Төлешқызы Камзина, кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық қолдау республикалық орталығының басшысы Лидия Викторовна Юрова сөз сөйледі. «Жігер» аула клубтарында балаларға қосымша білім беру және бос уақытын ұйымдастыру туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, «Жігер» балалар жасөспірімдер клубы басшысының орынбасары Жолдасбекова Әсемгүл, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында балаларды жұмыспен қамту және сауықтыру туралы директордың орынбасары Гүлнара Сабитқызы Құсайынова айтып, еріктілер қозғалысының дамуы туралы балалар мен жастардың әлеуметтік белсенділігінің факторы ретінде № 19 ЖОМ директорының орынбасары Дана Төлеубайқызы Серімбаева ақпарат берді.

        Білім беру бөлімі басшысының орынбасары Зәуреш Жақсылыққызы Қалиева балалардың қызығушылықтары бойынша секцияларда, үйірмелерде, конкурстарда, олимпиадаларда, ата-аналармен, жұртшылықпен бірлесіп мектептегі алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударды. Тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі Жанар Әнуарбекқызы Тәжіковаға атаулы күндер мен мерекелерге арналған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берілді.