Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық шахмат турниріндегі біріншілік
05-11-2019 09:13
Халықаралық шахмат турниріндегі біріншілік

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен дарынды шахматшыларды анықтау және дайындау мақсатында оқушылар арасында XIV Халықаралық шахмат турнирін өткізді. Турнирге Ресей, Қырғызстан, Қазақстан елдерінен 180-нен астам жас шахматшылар қатысты.

Павлодарлық оқушылар жақсы ойын көрсетіп, жалпы командалық есепте І орынды иеленді. Облыс құрама командасы кубокпен, дипломмен және медальдармен марапатталды.

Павлодар қаласының № 9 гимназия-мектебінің 6 сынып оқушысы Малыгин Владислав жеңімпаз атанды. 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жеке біріншілікте ол I орын алды. Владислав шахмат бойынша спорт шебері, классикадан 14 жасқа дейінгі Қазақстанның ең мықты шахматшыларының ондығына кіреді. Ол облыстың, қаланың бірнеше дүркін чемпионы, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кубогына шахматтан республикалық турнирде (2017 жыл), 14 жасқа дейінгі классикадан Қазақстан чемпионатында (2017 жыл) II орынды иеленді. І орын - Чехияда өткен Халықаралық шахмат турнирінде, Қостанай қаласында өткен «А. Г. Уфимцева мемориалы» балалар кубогында II орын (2019 жыл) иеленді.