Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПроЛС» клубы 10 жыл жұмыс істейді
05-11-2019 10:11
«ПроЛС» клубы 10 жыл жұмыс істейді

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 36 ЖОМ «ПроЛС» клубының отырысын өткізді (жас маманның кәсіби-тұлғалық қалыптасуы). Отырыста «Тайм-менеджмент және мұғалімнің портфолиосы» коучинг-сессиясы өтті. Тренингтің қатысушылары коучинг бағыттарымен, жұмыс өтілі 6 айға дейінгі, қала мектептерінің 80-нен астам жас мамандары болды. Тренингтің модераторлары Копыльцова Надежда Владимировна, Алексеева Ирина Григорьевна, Турий-Ладыко Александра Игоревна, № 36 мектеп директорының орынбасарлары, Зорина Наталья Леонидовна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Щербинина Наталья Владимировна, бастауыш сынып мұғалімі, Фирсова Татьяна Сергеевна, мектеп психологы.

Тренингте Блум таксономиясын «Қажетсіздікті жою», «Шеберлер қаласы» жаттығуларын қолданумен, «Заманауи мұғалім» портретін құру бойынша топтарда мәселелер талқыланды және пысықталды. Өзін бағалау. Мен түсінемін. Менім күмәнім бар. Түсінбеймін», «Тайм-менеджмент» түсінігі бойынша, «Мұғалім портфолиосы» тақырыбы бойынша педагогикалық жағдайларды шешу, «Қарлы ком» рефлексиясы. «Сказка о потерянном времени» атты кинофильмнен бейнероликтер көрілді. Мектеп психологы Татьяна Сергеевна мұғалімнің оқушыға деген позитивті көзқарасы, бейвербалды коммуникация өнері, балалардың мінез-құлқындағы шиеленісті төмендету, педагогикалық өзара әрекеттестік үрдісіндегі стресстік жағдайлардың санын азайту туралы ұсыныстар берді.

Коучинг қатысушылары топтарында белсенді шығармашылық атмосфера мен жағымды көңіл-күй креативті қасиеттерді: ойлаудың икемділігін, байқағыштықты көрсетуге ынталандырды. Коучингтер, тренингтер, практикумдар жас мамандарға мектеп ұжымдарында психологиялық бейімделуден өтуге, уақытты тиімді бөлуге және табысты педагог болуға барлық күш салуға көмектеседі.

2019 - 2020 оқу жылында қала мектептеріне 103 жас маман, жоғары оқу орындарынан және Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің түлектері бөлінді. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің «ПроЛС» клубы жас мамандардың кәсіби-тұлғалық қалыптасуы мақсатында 10 жыл бойы жұмыс істейді, жетекшісі Нұрахметова Шолпан Сәменқызы, білім беру бөлімінің әдіскері. Отырыстарда мектеп құжаттарын жүргізу, пән мұғалімінің портфолиосын толтыру, сабақты құру әдістемесі, сабақтың өзіндік талдауы, сабақ жоспарын жазу, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және ата-аналармен жұмыс жүргізу мәселелері талқыланады. Сабақтар коучинг, тренинг, семинар-практикумдар, іскерлік ойындар түрінде өтеді.