ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Байқаудың облыстық кезеңінің қатысушылары анықталды
05-11-2019 12:16
Байқаудың облыстық кезеңінің қатысушылары анықталды

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығымен 2019 жылы 31 қазанда № 37 жалпы білім беру мектебінде жалпы білім беру пәндері  бойынша ғылыми жоба республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - зияткерлік мүмкіншілігін  қалыптастыруға көмектесу, дарынды және таланты балаларды қолдау және дамыту. Байқауға Павлодар қаласының 37 жалпы білім беру мектептерінен 8 - 11 сыныптың 239 оқушысы қатысты. Олар 16 секция бойынша - физика, Жер, Космос және техника туралы ғылым, математика және қолданбалы математика, экономика және  информатика, химия, биология, адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау, тарих, адам және қоғам,өлкетану, этномәдени, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен 216 зерттеу жұмыстарын ұсынды.

Қоршаған ортаны қорғау (29), тіл білімі (қазақ тілі) - 17, өлкетану (20), тарих (16), қазақ әдебиеті (17) секцияларынан ең көп жоба болды. Байқау қорытындысы бойынша 142 ғылыми жоба ұсынған 151 жеңімпаз және жүлдегер, республикалық байқаудың облыстық кезеңіне қатысады. І дәрежелі дипломмен  27 оқушы, ІI дәрежелі дипломмен - 58, III дәрежелі дипломмен - 66 оқушы марапатталды.