Биология пәні бойынша жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінде ең жақсы білгірлері атағына олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, облыстың мамандандырылған мектебі мен Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 7 - 8 сыныптың 85 оқушылары күресті. Павлодар қаласының командасы атынан № 1 ЖОМ 8 сынып оқушысы - Савицкий Егор, № 16 лицей-мектебі Марчук Мария, № 24 ЖОМ - Ананьев Илья, Жетекші ЖОМ - Айгүмісова Майра, К. Макпалеев атындағы мектеп - Полянцева Ангелина қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 24 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ананьев Илья ІІІ орын алды. Илья биология бойынша қалалық олимпиада жүлдегері (ІІ орын, 2018 жыл) және 2019 жылы ғылыми жобалардың қалалық жарысында ІІІ орын алды.
Олимпиада 2019 жылы 5 қарашада Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде өткізілді. Мақсаты - биология пәніне қызығушылығын ынталандыру, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, зияткерлік мүмкіншілігін дамыту үшін жағдай жасау.