2019 жылғы 23 қазан және 11 қараша аралығында конкурс негізінде жолдама бойынша Ақмола облысы «Бурабай» курорт аймағында Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің «Балдаурен» қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығында мектеп және қалалық байқау жеңімпаздары болады.
Оқу-жаттықтыру жиынында Павлодар қаласының № 12 ЖОМ 6 сынып оқушысы Абылғазы Сұңқар, № 37 ЖОМ оқушысы Ашау Илияс және № 38 ЖНМ 7 сынып оқушысы Хавалхаг Газиз, теориялық білімдерін және практикалық іскерліктерін тереңдетіп, зияткерлік турнир мен жарыстарға қатыса алады.Сонымен қатар оқушылар сауықтыру үшін емдеу-профилактикалық шараларды қабылдап, спортпен шұғылдану, табиғатта серуендеу, жаңа достар ортасында қызықты уақыт өткізіп және позитивті ойлау қуатын алады. «Балдаурен» орталығы жыл бойы жұмыс істейді.
2018 - 2019 оқу жылында оқу-жаттықтыру жиынына 3 оқушы қатысты, оқу жылының аяғына дейін олимпиада қатысушылары санынан 20 оқушыны жіберу жоспарлануда.