Жасөспірімдер арасындағы бокстан өткен ашық облыстық турнирде 7-сынып оқушысы Махамбет Бауыржан 40 келі салмақта ІІІ орынға ие болды.
Бауыржан «Қайсар» спорт клубында 3 жыл бокспен айналысады, жаттықтырушысы - КСРО спорт шеберінің кандидаты Ахметов Амангелді Шәріпұлы. Осы кезеңде, 2017 жылы қалалық турнирлерде ол III орын, 2018 жылы - II, III орындарды, 2019 жылы Жастар жылына арналған турнирлердегі орындар жақсы нәтиже көрсетті және ІІІ орынға ие болды.
Ол мектепте жақсы оқиды, оның сүйікті пәндері - физика, ағылшын тілі және география. Әр түрлі олимпиадаларға, жарыстарға қатысу оң нәтиже беруде. Оның үлгі тұтар адамдары - Геннадий Головкин мен Серік Сәпиев. Болашақта Бауыржан олар сияқты жетістіктерге жетіп, халықаралық турнирлерде Қазақстанның туын көтергісі келеді.