ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Робот техникасынан республикалық чемпионаттың біріншілігі
14-11-2019 16:21
Робот техникасынан республикалық чемпионаттың біріншілігі

2019 жылғы 1 - 2 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында «КазРоботикс - 2019» фестивалі шеңберінде өткен робот техникасы бойынша «KazRoboSport - 2019» чемпионатының республикалық финалына облыстың құрама командасына енген Павлодар қаласы № 24 мектебінің екі оқушысы қатысты.

Чемпионаттың қорытындылары бойынша 6 сынып оқушылары Мансуров Алимхан мен Сидоров Никита «Биатлон» санаты бойынша 12 жасқа дейінгі тобында І орын иеленді, жаттықтырушы мектептің робот техникасы мұғалімі Азамат Сагатович Джунусов. Робот Lego Mindstorms EV3 базасында құрастырылды және трассадан өтуге, нысанаға тигізуге арналған.

Алимхан 2018 жылы 5 - 8 сынып оқушылары арасында өткен «Мой робот» қалалық олимпиадасына қатысып, «Robokombo» санаты бойынша жүлдегер атанды (III орын). WRO-2019 облыстық іріктеу турниріне қатысып,  «Regular Elementary» санаты бойынша II орын иеленді және WRO-2019 республикалық чемпионатына жолдама алды. KazRoboSport-2019 облыстық іріктеу жарысына қатысып, «Биатлон» санаты бойынша кіші топта І орынға ие болды.  Мектепте оқу үлгерімі жақсы, пән олимпиадаларына қатысады, 2018 жылы математикадан мектепішілік олимпиадада І орын иеленді.

Никита 2019 жылы WRO-2019 облыстық іріктеу турниріне қатысып,  «Regular Elementary» санаты бойынша II орын иеленді, «WRO-2019» республикалық чемпионатына «Regular Elementary» санаты бойынша қатысты, KazRoboSport-2019 облыстық іріктеу жарысына қатысып, «Биатлон» санаты бойынша кіші топта І орынға ие болды.  Озат оқушы, көптеген математикалық олимпиадаларға қатысады. 2018 жылы «Инфоурок» жобасының математикадан халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып, ІІ дәрежелі диплом иегері, «Пони» халықаралық байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.