![Республикалық Президенттік олимпиада да қаланың мектеп оқушылары 100% көрсеткіш көрсетті](/media/img/blogs/5dce495cb4aea.jpg)
ХІІ республикалық Президенттік олимпиада да 11 сынып оқушылары арасында Павлодар қаласының № 34 ЖОМ 11 сынып оқушысы Исадинов Диас, № 39 ЖОМ оқушысы Ильяс Сұлтан олимпиаданың қорытынды кезеңінің II іріктеу турына өтті және тағы да жүлдегер атанды. Олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңінде Диас III орын, Сұлтан - II орын алды. Республикалық қорытынды тур Теміртау қаласында 15 қараша да өтті. Павлодар облысынан 12 оқушы қатысты, оның екі оқушысы Павлодар қаласының мектептерінен.
Диас 2017 жылы математика бойынша олимпиада жеңімпазы және бірнеше рет қатысушы, 2018 жылы математика бойынша қалалық олимпиада да I орын, 2019 жылы математика бойынша облыстық олимпиада да III орын алды. Сұлтан республикалық олимпиада қатысушысы, оқушылар арасында химия бойынша қалалық және облыстық олимпиаданың бірнеше жүлдегері және жеңімпазы: 2018 жыл - I орын қалалық пән олимпиадасы, 2019 жыл - II орын пән олимпиадасының облыстық кезеңінде, академик А .Бектуров атындағы химия бойынша халықаралық олимпиаданың қатысушысы, республикалық олимпиадаға қатысты және пән олимпиадасының республикалық кезеңінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.